Жаңалықтар

Санжар Боқаев екі айға қамалды

Фото: youtube.com/@ВадимБорейко

Алматының тергеу соты белсенді Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдап, оны екі айға қамауға алды. Бұл туралы журналист Вадим Борейконың ақпаратына сүйеніп, адвокат Диас Ахметов мәлімдеді.

«Санжардың жақын туыстары кепілгер болуға ниет білдіргенімен, одан нәтиже шықпады. Ахметов сонымен қатар Боқаевтың Алматы қаласы бойынша ҰҚКД тергеу изоляторында отыратынын айтты», – деп хабарлады адвокат.

Бұған дейін Бас прокуратура қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Алматыда ұсталғанын хабарлаған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол алаяқтық жасады, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу үшін адамдарға ақша төлеп, кейін сол заңсыздықтар туралы контент түсірді деген күдікке ілінген.

Белсендінің ұсталғанына депутаттар да пікір білдірді.