«Тұран» футбол клубын кім сатып алды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Дінмұхамед Ыдырысов
фото: Forbes Kazakhstan

Қазақстандық миллионер, Forbes Kazakhstan рейтингтерінің қатысушысы Дінмұхамед Ыдырысов Түркістан облысындағы «Тұран» футбол клубының иесі атанды. Кәсіпкерге тиесілі Ordabasy Group компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Электронды сауда 20 наурызда өткен. Алғашқы сауда 2026 жылдың наурыз айының басында ұйымдастырылған: ол кезде клуб үшін 1,054 млн теңге сұралды. Бірақ бірде-бір өтінім түспегендіктен, сауда өтпеді. Екінші саудада бастапқы баға үштен бірге төмендетіліп, 737,8 мың теңгеге дейін азайтылды. Сауда алаңының мәліметінше, соңғы баға 1,1 млн теңге болған.

Ordabasy Group-тың клубты дамытудың «ұзақ мерзімді» кешенді бағдарламасы жасаған. Негізгі бағыт:

  • Команданы Премьер-лигаға қайтару;
  • Балалар мен жасөспірімдер футбол академиясын дамыту;
  • Әйелдер футболын қолдау;
  • Жас спортшыларды даярлау;
  • Клубтың материалдық-техникалық базасын жаңғырту.

Футбол клубын сатып алған Дінмұхамед Ыдырысов еліміздегі ең бай адамдардың бірі (дәулеті 563 млн доллар, Forbes рейтингінде 19-орын).

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, клуб он жылға сатылады. Жаңа инвестор келесі жылдан бастап клубты Қазақстан чемпионатына шығаруға міндетті.

Сондай-ақ оқыңыз