
Танымал әнші Шахаризат Сейдахмет ұзақ уақыт бойы сахнадан неліктен көрінбей кеткенінің себебін алғаш рет ашық айтты. Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасында қонақта болып, өзінің құмар ойынға (лудомания) тәуелділікпен күрескенін мәлімдеді.
«Жеті ай бойы жабық мекемеде емделдім»
Шахаризаттың айтуынша, соңғы бір жыл көлемінде ауыр психологиялық дертке шалдығып, сахнадан алыстап кеткен. Тіпті, осы дерттен айығу үшін арнайы оңалту орталығында ем қабылдауға мәжбүр болған.
«»Көрінбей кеткенім содан». Мен бір жыл бойы сахнадан алыстап кеттім, психологиялық дертке шалдықтым, сауығумен айналыстым. «Шахаризат қайда жоғалып кетті?» деген сұрақтарды көп естимін. Шыны керек, Шахаризат өзін жоғалтып алды», – деп ағынан жарылды әнші.
Сауығу жолы
Әнші жеті ай бойы сыртқы әлемнен оқшауланып, жабық мекемеде мамандардың көмегіне жүгінген. Бұл уақытты ол өзін қайта табуға және қауіпті әдеттен арылуға арнағанын айтады.
еңЕске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 700 мыңға жеткені туралы жазған едік.