
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары жасыл алаңды асханаға алмастырып, дәстүрлі мерекелік тағам Наурыз көже дайындады.
Шерхан Қалмырза, Рамазан Бағдат және Олжас Байбек команданың бас аспазының жетекшілігімен ұлттық тағамның дайындалу барысын көрсетіп, оның маңыздылығымен бөлісті.
Видеода ойыншылардың асханада да пысық екені көрінеді. Футболшылар Наурыз көженің құрамындағы 7 міндетті дәмнің маңызына тоқталып, жанкүйерлерді мерекемен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Челси» Дастан Сәтбаевты ұлттық құрама сапына жібермегені туралы жазған едік.