Lifestyle

Түрмеден шыққан Мейіржан Төребаевты жақындары қалай қарсы алды

коллаж: kursiv.media

Танымал блогер әрі актер Мейіржан Төребаевтың бостандыққа шығуы оның отбасы үшін нағыз мерекеге айналды. Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттер мен бейнежазбалардан актердің жақындары оны ерекше қуанышпен күтіп алғанын көруге болады.

Үйдегі салтанатты қабылдау

Мейіржанның үйі түрлі-түсті шарлармен және мерекелік жалаушалармен безендірілген. Пәтердің ішіндегі әрбір деталь актердің оралуын асыға күткенін аңғартады. Әсіресе, есіктегі жүрек пішінді қағазға жазылған «Жаным Ботам! Аман-есен оралуыңмен! Мама» деген қолдан жазылған жылы лебіз желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

фото: instagram

Жарияланған фотосуреттерде Мейіржанның анасымен, балаларымен және туған-туыстарымен қауышқан сәттері бейнеленген:

Актердің анасын құшақтап тұрған сәті ең әсерлі кадрлардың бірі болды. Балалары әкесін ерекше сағынышпен қарсы алып, оның қасынан бір елі ажырамай жүргені байқалады. Қазақы дәстүрмен жайылған үлкен дастарқан басында барлық жақындары жиналды.

Мейіржан бұл сәттерді сипаттай отырып:

«Махаббатыңды өзгелерге жеткізе білу үлкен қабілет. Қарапайым ұсақ-түйек нәрселерден қуаныш пен ләззат таба білу керек» деп жазба қалдырды.

Бұл жазбаның астында мыңдаған оқырман «Шүкір», «Аллаға шүкір, отбасың аман болсын» деген тілектерін жаудырып жатыр.

Еске сала кетейік, Мейіржан Төребаев 2023 жылы «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.