Lifestyle

Жанболат пен Жазира Кенжебекпен құда болды (видео)

Screenshot

Қазақ эстрадасының жарасымды жұптарының бірі Жанболат пен Жазира ресми түрде құда атанды. Өнер иелері жалғыз ұлдарына қазақы салт-дәстүрмен келіннің құлағына сырға салып қайтты. Бұл туралы әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Екі әулеттің табысуы

Жұртшылықты таңғалдырғаны – жаңа құдалардың кім екені белгілі болды. Желіде тараған бейнежазбалардан белгілі болғандай, Жанболат пен Жазира Кенжебек Жанәбіловтің үйіне құдалыққа барған. Видеода Кенжебектің құдаларды ақжарқын көңілмен күтіп алып, төрге оздырып жүрген сәттері анық көрінеді.

Бұған дейін де желі қолданушылары арасында «Жанболат пен Жазираның келіні Кенжебектің балдызы екен» деген қауесеттер тараған болатын. Енді бұл ақпарат ресми түрде расталғандай болды.

«Ақ құсын қондыру»

Жазира Байырбекова өз жазбасында жүрекжарды тілегін білдірді:

«Аллаға шүкір, бүгін – жүрегімізді қуанышқа бөлеген ерекше бақытты күніміз. Қазақтың салт-дәстүрімен, ұлымызға ақ құсын қондыруға ниет етіп, құдалар болып, ақ келінімізге сырға салуға келдік. Бұл – екі әулеттің табысқан, берекелі бастамасының белгісі» – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Жанболат пен Жазира осыған дейін жаңа ән шығарып, оның бейнебаянында алғаш рет келіндерін жұртшылыққа көрсеткен еді. Белгілі болғандай, Асылы есімді ару шетелдегі оқуын тастап, сүйіктісі үшін елге оралды.