
Қазақстандық актер әрі режиссер Олжас Нұрбай желіде видео жариялап, алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды.
Айтуынша, бәзбіреулер әйелі Ұлболсын Шалқарованың шотынан он күнде 60 мың теңге шешіп алған.
«Жақында әйелімнің шотынан ақша шешіле бастады. Қомақты сома емес, 2-3 мың теңге, 600 теңгеден алынды. Қарасаң, Apple деп, ойын, видео үшін деп тұрды. Бала байқамай басып жіберген екен деп ойладық. Сөйтсек, қазір алаяқтар қандай да бір жолмен картаңның ақпаратын алып, Apple, Google, Open AI деген өтірік жазумен ақша шеше береді. 10 күн ішінде картадан 50-60 мың теңге шешіп алған», – дейді Олжас Нұрбай.
Режиссердің сөзінше, банктер мұны қайтара алмайды. Сол себепті азаматтарға ескерту жасап, интернетте төлем жасау функциясын жауып тастауды ұсынды.
Айта кете