
Абай облысында мал іздеуге шыққан ер адам бес күн далада түнеген. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 56 жастағы ер адам 17 наурызда жоғалып кеткен.
«Сол күні ол атпен мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Хабар түскен бойда Абай ауданының полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Іздеудің бесінші күні таңсәріде жоғалған ер адам дін аман табылды», – делінген ақпаратта.
Полиция ер адамды іздеу барысында іздеу жұмыстары жол жоқ, батпақ болып жатқан жерлерде де жүргізілген.
Ер адамның сөзінше, жылқыны орнынан тұрғызбақ болған кезде өзі аттың астында қалған. Аяғын сындырып алған соң қозғала алмаған. Сол кезден бастап иен далада жатқан.
Табылғаннан кейін оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді.