Алматыда 10 жыл бұрынғы оқиғаға арналған ескерткіш ашылды (видео)
Жарияланды

Алматыда Сайранда 10 жыл бұрын болған оқиғаға арналған ескерткіш ашылды.
2016 жылы Сайранда ит судан шыға алмай қалған, ал кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар оны құтқару үшін тізбек құрып, көмек көрсеткен. Оқиғаның видеосы сол уақытта көптеген елге тарады.
Арт-нысан өзара көмек, ынтымақ пен бірлік идеясын дәріптейді. Бір-бірімен тізбек құрған адамдар бейнесі арқылы қиын сәтте қолдау көрсету мен бірлескен әрекеттің маңызын көрсетеді.