Қырғызстанда ішкі істер министріне айыппұл салынды
Жарияланды

Қырғызстанның ішкі істер министрі Улан Ниязбеков қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл арқалады. Kaktus.media хабарлауынша, ақпаратты ішкі істер министрлігі растаған.
Шенеунік әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Видеода Ниязбековтің қоғамдық жерде темекі шегіп тұрғаны көрінеді.
23 наурызда министрге хаттама толтырылып, Ниязбеков 3000 сом (16 518 теңге) айыппұл төлейтін болды.