Жаңалықтар

Абай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Жаңаөзенде түлектер мінген көліктер апатқа ұшырады / фото: Panumas Yanuthai / shutterstock
Фото: Panumas Yanuthai / shutterstock

Абай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты.

Полиция мәліметінше, 23 наурыз күні сағат 15:00 шамасында «Семей – РФ» автожолының Семейден 15 шақырым жерінде апат болған. ВАЗ-21144 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Оқиға салдарынан ол Nissan Almera автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. ВАЗ-21144 жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, 24 наурыз күні Volvo жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан тиегішпен соқтығысқан еді. Астана – Петропавл тасжолында жұмыс істеп жүрген тиегіш жүргізушісі зардап шеккен.