Алматыда 12 жастағы балаға шабуыл жасалды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: видеодан скринсурет

Алматыда 12 жастағы балаға белгісіз адам шабуыл жасады. Оқиға Парковая көшесіндегі дүкен маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті пышақпен қорқытып, баланың гитарасын тартып алған. Айқайлаған дауысты естіген сатушы сыртқа шыққан кезде шабуыл жасаған адам гитараны тастап, қашып кеткен.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәліметінше, баланың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған. Отбасына психологиялық қолдау ұсынылған.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеру бастағанын хабарлады. Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Баланың анасы шабуыл жасаған адамның бейнесі видеода анық көрінбегендіктен бірден полицияға жүгінбегенін айтты. Сонымен қатар ол оқиғаның кешкі уақытта, адамдар көп жерде болғанына алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз