Қазақстанның екі әуежайы әлемдік рейтингке кірді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

Астана мен Алматы әуежайлары әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді. Рейтингті AirlineRatings халықаралық порталы жариялады.

Зерттеу 2025-2026 жылдарға арналған жаһандық сауалнама негізінде жасалған. Оған әлемнің түрлі елдерінен әуе жолаушылары қатысқан.

Тізімнің көшін Сингапурдағы Changi әуежайы бастап тұр. Ол бұл атақты 14-рет иеленді.

Қазақстанның екі мегаполисіндегі әуежайлар рейтингте бір-біріне жақын орналасқан. Олар Лиссабон, Анкара және Барселона әуежайларын басып озды.

Фото: worldairportawards.com

Рейтингке әлемнің ірі әуе хабтары енгізілген. Тізімді Португалиядағы халықаралық әуежайлардың бірі түйіндейді.

Бұған дейін Астанада жаңа әуежай салу жобасы пысықталып жатқаны хабарланған. Мамандар оның орналасуы мен заманауи талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз