Жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

фото: gov.kz

Олимпиада чемпионы, әйгілі былғары қолғап шебері Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бокс федерациясы хабарлады.

Серік Сәпиевтің федерацияға келуі оның мемлекеттік қызметтегі ротациялық өзгерістерінен кейін орын алып отыр.

Еске сала кетейік, Серік Сәпиев төбелестен кейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.

Артынша, Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді.