Жаңалықтар

Абай облысында мас әйел куәлігі жоқ болса да көлік жүргізіп, апатқа ұшырады

Видеодан скрин: Абай облысының полиция департаменті

Курчатов қаласында мас әйел куәлігі жоқ болса да көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасының себепкері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйінде жұбайының көлігін айдап шығып, тұрақта тұрған өзге көліктерді соққан.

Сараптама қорытындысы әйелдің орташа дәрежеде мас болғанын көрсетті. Сондай-ақ көлік иесі – құқық бұзушының жұбайы да сол сәтте ішімдік ішкені және көлікті басқаруға құқығы жоқ адамға бергені анықталды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиналған материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Бұған дейін Алматы қаласындағы үш адамның өліміне әкеп соққан апатқа кінәлі Zeekr көлігінің иесі ақпарат шыққан.