Атыраудағы сауда орталығында жасөспірім биіктен секіріп, жарақат алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде 14 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, жарақат алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, кәмелетке толмаған бала орталықта ересектердің қарауынсыз жүрген. Ол кіреберістегі конструкцияға өрмелеп шығып, артынша төмен қарай секіріп кеткен.

Құлаған кезде жасөспірім жеңіл жарақат алды. Медициналық тексерістен өткен соң, ол үйіне жіберілді.

Баланы тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құзырлы органдарға аталған нысандағы қауіпсіздік шараларының сақталуына қосымша тексеру жүргізу туралы нұсқама жолданды.

Бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер 12 жастағы балаға шабуыл жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз