Жаңалықтар

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Тоқаев Досаевты қызметінен босатты / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Ерболат Досаев аталған жауапты лауазымға 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.

Оған дейін еліміздің ірі мегаполисі – Алматы қаласының әкімі болған., 2025 жылдың 24 мамырында бұл қызметінен кетті. 

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы, вице-премьер, ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.

Жақында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі директорлар кеңесінің құрамына енді.