Микроқаржы ұйымы жалғыз акционеріне үш жылдан кейін 2,4 млрд теңге дивиденд төлемек

«Робокэш» микроқаржы ұйымы жалғыз акционеріне үш жылдан соң 2,4 млрд теңге дивиденд төлемек. Бұл мекеме Zaimer.kz және TezCredit.kz атымен жылдам несие береді.
17 наурызда Сингапурде өткен жиналыста микроқаржы ұйымының жалғыз қатысушысы осындай шешім қабылдаған. Компания 2023 жылы тапқан таза пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде төлеуі тиіс.
Төленетін соманың жалпы мөлшері 2 440 999 787 теңгені құрайды. Бұл қаражат ресми шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде аударылуы тиіс.
Шарт бойынша, дивидендтер теңгемен емес, АҚШ доллары немесе еуро валютасында төленеді. Ал нақты сома төлем жасалған күнгі банктің валюта бағамына байланысты есептеледі.
Қор биржасындағы мәліметке сәйкес, микроқаржы ұйымының жалғыз иесі – бейрезидент Сергей Седов. Ол 2013 жылдан бері Ресейде микроқаржы компаниясын құрған.
Бұл компания бұған дейінде өткен жылдар үшін бірнеше рет дивиденд төлеген. 2023 жылғы қаржы есебіне сәйкес, компания 12,7 млрд теңге таза пайда алған.
2024 жылы бұл компанияға 2 млн клиентінің жеке дерегін таратты деген айып тағылып, айыппұл салынған.