
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президент өз жеделхатында Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың берік екенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыс достық пен өзара іс-қимылға негізделгенін және оның әлеуеті өте жоғары екеніне тоқталды.
«Болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түседі деп сенемін», – делінген құттықтау мәтінінде.
Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты қызметіне табыс тілеп, Грекия халқына құт-береке мен бақ-дәулет тіледі.
Бұған дейін Қазақстан мен Иран Президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдаған.