Жаңалықтар

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

бұрынғы экономика министрі
Экс-министр Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды / фото: primeminister.kz

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Осы шешімге байланысты ол бұған дейін атқарып келген Президент Әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Нұрлан Байбазаров әр жылдары Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингін, Қазақстанның Даму банкін және Өнеркәсіпті дамыту қорын басқарып, еліміздің ірі қаржы институттарында жетекшілік етті.

2024 жылдың ақпан айынан желтоқсанына дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде болып, елдің макроэкономикалық саясатына жауап берді.

Бұған дейін Ерболат Досаев Президент әкімшілігіндегі қызметінен босаған болатын.