«Жалғыз болмасын деп босануға асығып ем»: Мөлдір Әуелбекованың қызы неге жылады

Жарияланды 25 Наурыз 2026 18:34

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: Мөлдір Әуелбекованың Instagram парақшасынан

Танымал әнші әрі кәсіпкер Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі парақшасына кішкентай қызының жылап тұрған видеосын салды. Оған себеп – Айарудың ағасына деген қимастығы болыпты.

Видеода Әуелбекова қызы Айарудың көз жасын сүртіп: «Ағаға барамыз, жарай ма? Қазір билет аламын. Келістік пе?», – деп жатты. Әншінің айтуынша, тұңғышы – Салтай алғаш рет шетелге өзі бара жатыр екен.

«Малайзия еліне ұшып бара жатыр. «Икигай» мектебімен бірге олимпиадаға барады. Бұрын тәжірибемде болмаған дүние болғаннан кейін уайым сейілер емес. Өйстіп-өйстіп ұядан ұшыруды үйренеміз деп өзімді жұбатып қоямын. Аллаға аманат. Балам, саған сәттілік, жаным», – деп шығарып салды әуежайдан ұлын.

Сол салған постының сипаттамасына «Ал, сәттілік болсын! Ұлымның алғашқы жеке сапары. Осы Салтайым жалғыз болмасыншы деп, тағы босануға асығып ем. Енді міне, екеуі бауыр болып мені қуантуда! Өмірде бауырдың орны бөлек екені сөзсіз. Алла жар болсыншы!», – деп аналық ақ тілегін қоса жазды.

Айарудың ағасын қимай, жылап шығарып салған сәті оқырманның жүрегін елжіретті. «Қыз деген бауырмал ғой. Жүрегінен. Тәп-тәтті», «Осы қызды жақсы туып алдың, шүкір», – деп жазып жатыр көпшілік сүйсініп.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мөлдір бірінші күйеуі һәм тұңғышының әкесін кешіргенін айтып, жеке өміріндегі жаңалығын бөліскенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз