2026 жылы қазақстандықтар Ата заң күнін тойламайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев сенат кулуарында журналистермен сұқбат кезінде қазақстандықтар 30 тамызда демалып-демалмайтыны туралы айтты.
2026 жылы Конституцияның жаңа нұсқасы 15 наурызда қабылданды. Енді бұл күн 30 тамыздың орнына Ата заң күні ретінде тойланатын болады. Демек, қазақстандықтарда бір демалыс күні азаяды: 30 тамыз, жексенбі, дүйсенбіге ауыстырылмайды.
«Енді келесі жылы 15 наурызда тойлайтын боламыз», – деп атап өтті Ертаев.
Естеріңізге сала кетейік, әдетте наурыз айында қазақстандықтарда жыл ішіндегі ең көп демалыс күндері болады. 2026 жылы бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін азаматтар 13 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында – 10 күн демалды.
Конституция туралы
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының алдыңғы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Оның жаңа нұсқасы бойынша дауыс беру 2026 жылғы 15 наурызда өтті. Референдум қорытындысы бойынша үкіметтің бастамасын сайлаушылардың 87,1%-ы немесе 7 954 667 адам қолдады.