
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өз мәресіне жақындады. Бүгін Еуропаның соңғы төрт жолдамасы «өткел матчтары» (стыковые матчи) арқылы сарапқа салынады.
Қатысушылар мен формат
Еуропалық іріктеуде бақ сынайтын 16 құрама 4 жолға (A-D жолдары) бөлінген. Әр жолда жартылай финал мен финал тек бір ойыннан тұрады. Әлем біріншілігіне бару үшін командалар қатарынан екі жеңіске жетуі тиіс.
Турнирдің басты қатысушылары: Италия, Польша, Украина, Уэльс және Швеция сияқты азулы ұжымдар екінші мүмкіндікті пайдаланып көрмек.
Ойын кестесі
Матчтардың жартылай финалдары бүгін 26 наурызда, ал шешуші финалдар 31 наурызда өтеді.
Негізгі жұптар:
- A жолы: Италия – Солтүстік Ирландия; Уэльс – Босния және Герцеговина.
- B жолы: Украина – Швеция; Польша – Албания.
- C жолы: Түркия – Румыния; Словакия – Косово.
- D жолы: Дания – Солтүстік Македония; Чехия – Ирландия.
Ойындарды қайдан көруге болады
Бүгін қазақстандық жанкүйерлер назарына келесі ойындар тікелей эфирде ұсынылады:
| Матч | Уақыты (Астана уақыты) | Телеарна |
| Түркия – Румыния | 21:50 | Qazsport |
| Украина – Швеция | 00:35 | Qazsport |
| Италия – Солтүстік Ирландия | 00:35 | Qazaqstan |
Сарапшылар басты фаворит ретінде төрт дүркін әлем чемпионы Италияны атайды. Дегенмен, италиялықтар қатарынан үшінші мәрте әлем біріншілігінен тыс қалу қаупінде тұр. Сондай-ақ, Украина, Польша, Дания және Түркия құрамаларының мүмкіндігі жоғары деп бағаланып отыр.
Жолдама алғандар қай топқа түседі?
Жеңімпаздар Әлем чемпионатындағы топтарға алдын ала бөлініп қойған:
- А жолының жеңімпазы: Канада, Катар, Швейцария.
- В жолының жеңімпазы: Нидерланды, Жапония, Тунис.
- С жолының жеңімпазы: АҚШ, Парагвай, Австралия.
- D жолының жеңімпазы: Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея.
Айта кетейік, АҚШ, Мексика, Канада елдерінде өтетін футболдан Әлем Чемпионатына іріктеуден өткен Иран құрамасы қатыспауы мүмкін.