Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні қаупі сақталуда
Жарияланды

2026 жылғы 27-31 наурыз аралығында оңтүстік астана мен оған іргелес аймақтың тауларында қар көшкіні жүру қаупі жоғары. Синоптиктер мен құтқарушылар тұрғындар мен туристерді тауға шығудан барынша бас тартуға шақырады.
«Қазгидромет» РМК жариялаған № 11 дауылды ескертуіне сәйкес, көшкін қаупі көктемгі күннің жылынуына және қыс бойы жиналған қар жамылғысының өте қалың болуына байланысты туындап отыр.
Әсіресе мына өзен бассейндері қауіпті аймаққа жатады:
- Үлкен Алматы;
- Кіші Алматы.
Мамандар көрсетілген мерзім ішінде қарлы беткейлерге шықпауға кеңес береді. Кез келген абайсыз қимыл немесе тіпті қатты шыққан дыбыс қар массасының көшуіне түрткі болып, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.