Алматыда әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті
Жарияланды

Алматыда әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып кетті. Жергілікті полицияның хабарлауынша, әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға 25 наурыз сағат 22:50 кезінде болған.
«Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесінің қиылысында жолды солтүстік бағытта кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.Жол апаты салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады полиция.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды.