
Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.
«Тергеу нәтижесінде 2023 жылы арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды. Құқыққа қарсы әрекеттердің салдарынан көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді», – делінген хабарламада.
Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді.
Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталған.