Ақтауда Қытай азаматшасынан есірткі табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шетелдік әйелден 30 грамм мефедрон табылды / Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті
Шетелдік әйелден 30 грамм мефедрон табылды / Фото: Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Маңғыстау облысының полицейлері есірткі қылмысын тіркеді. Оны жасаған күдікті ретінде Қытай азаматшасы қарастырылып отыр.

Lada.kz хабарлауынша, Маңғыстау облысы полиция департаменті осындай мәлімет таратқан.

«11 наурыз күні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қытай Халық Республикасының азаматшасын ұстаған», – делінген хабарламада.

Тінту және тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі заты – 30 грамм мефедрон, сондай-ақ бірнеше ұялы телефон тәркіленген. Барлық алынған заттар айғақ ретінде танылды.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Айта кететін жайт, Өзбекстанда мектеп мұғалімі 180 мың долларға апиын сатпақ болған.

Сондай-ақ оқыңыз