
Маңғыстау облысының полицейлері есірткі қылмысын тіркеді. Оны жасаған күдікті ретінде Қытай азаматшасы қарастырылып отыр.
Lada.kz хабарлауынша, Маңғыстау облысы полиция департаменті осындай мәлімет таратқан.
«11 наурыз күні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қытай Халық Республикасының азаматшасын ұстаған», – делінген хабарламада.
Тінту және тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі заты – 30 грамм мефедрон, сондай-ақ бірнеше ұялы телефон тәркіленген. Барлық алынған заттар айғақ ретінде танылды.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Айта кететін жайт, Өзбекстанда мектеп мұғалімі 180 мың долларға апиын сатпақ болған.