Ақтаудағы «Pinta» мейрамханасы маңында қан-жоса төбелес болды

Оқиға 25 наурызға қараған түні шамамен сағат 05:00-де «Pinta» мейрамханасының жанында болған.
Бейнежазбада екі ер адамның жерде жатқан үшінші адамды басынан теуіп жатқанын көруге болады.
Жанжалға бес адам қатысқан. Олардың арасында, алдын-ала мәліметтерге сәйкес, құқық қорғау органының қызметкерінің ұлы да болған.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бес күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторында қамалды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, туыстық байланыс тергеу барысына әсер етпейді.
«Барлығы заң алдында тең. Кім болса да жауапкершіліктен құтылмайды. Барлық қатысы бар тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.