Астана-Семей бағытындағы пойыздарда интернет пайдалануға болады
Жарияланды

Енді Астана-Семей бағытындағы пойызда енді интернет пайдалануға болады. Транстелеком «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосты деп хабарлайды компаниядан.
Қазір жоба екі вагонда жүзеге асырылып жатыр. Жолаушылар интернетке қосылып, фильмдер мен сериалдар көре алады, кітап оқып, ойын ойнап, басқа да ақпаратқа қол жеткізе алады. Интернетке қосылу үшін QR-кодты сканерлеп, телефон нөміріңізді енгізіп, SMS арқылы кіруді растау керек.
Барлық қызметтер тегін.
«Бұл жоба сапарды жайлырақ етіп, жолдағы цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Пилот нәтижесіне қарай жоба ауқымын кеңейту жоспарланып отыр», – деп хабарлайды компаниядан.
Бұған дейін былтыр күзде «Астана – Арқалық» бағытындағы пойызда Starlink интернеті іске қосылған.