Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады

Батыс Қазақстан облысы, дрон
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) табылды. Дронның суреті әлеуметтік желілерге таралып кетті, бірақ қандай аппарат екені және кімге тиесілі екені әзірге белгісіз.

Ақжайық ауданының тұрғындары ұшқышсыз аппаратты суретке түсіріп алған. Полиция дрон құлағанын растады және қазір мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Объект елді мекен аумағынан тыс жерден табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Былтыр күзде Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында белгісіз дрон жарылып, Қызылтал ауылының тұрғындары дүр сілкіндірген еді.

Ал жазда Маңғыстау өңіріне бес дрон құлады. Сыртқы істер министрлігі сол кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр деп қысқа қайырған еді, бірақ нақты ешқандай мәлімдеме жасалмады.