
Алматы облысы Талғар ауданында полиция қызметкері сотталды. Оған 2025 жылдың қыркүйегінде Кызылқайрат ауылында болған оқиғадан кейін іс қозғалған.
Талғарда ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған әйелінің ағасын мылтықпен атып өлтіріп, кішкентай қызын алып қашқан. Артынша қыз табылды, күдікті қамауға алынды.
Содан кейін Қылмыстық кодекстің 370-бабы, 4-бөлігі («Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі») бойынша полиция қызметкеріне қатысты іс тіркелген. Полицейге бұрын зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген азаматты ұстауға шара қолданбаған деген айып тағылды.
2026 жылдың наурызында кісі өлтіріп, баланы ұрлаған ер адамға сот үкімі шықты. Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
Артынша учаскелік полицейге де сот үкімі шықты. Полицей 2 жыл 4 айға сотталды.
Ол Қылмыстық кодекстің 369-бабының 2-1-бөлігі – «қызметтік жалғандық жасау» және 371-бабының 2-бөлігі – «Ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Полицей өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ лейтенант шенінен айырылды.