Жаңалықтар

Майами WTA-1000: Рыбакина мен Соболенко жартылай финалда кездеседі

Коллаж: Kursiv.media

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен рейтингтің екінші сатысындағы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалдық ойындар

Жартылай финалға шығу үшін Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Ал Арина Соболенко ширек финалда америкалық Хейли Баптистті жеңіп шықты.

Айта кетейік, осыған дейін 16 наурызда Индиан-Уэллс турнирінің финалында бұл екі спортшы өзара кездескен болатын. Тартысты бәсекеде Рыбакина Соболенкоға 3:6, 6:3, 6:7 (6:8) есебімен есе жіберген еді.

Рыбакина мен Соболенко арасындағы кездесу 27 наурыз күні Қазақстан уақытымен сағат таңғы 05:30-да басталады деп жоспарланған.

Турнирдің екінші жартылай финалдық жұбында америкалық Кори Гауфф (WTA №4) пен Чехия өкілі Каролина Мухова (WTA №14) бақ сынайды.