Мақпал Жүнісова: «Анам күйеу туралы айтуға тыйым салды»

Жарияланды 26 Наурыз 2026 09:56

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мақпал Жүнісова
фото: скрин

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова жеке өміріндегі көпті мазалаған сұраққа нүкте қойды. Өнер иесі марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов дүниеден өткен соң не себепті басқа адаммен тағдырын қоспағанын ашып айтты.

Ананың батасы мен қаталдығы

Әншінің айтуынша, күйеуі қайтыс болғаннан кейін 10 жыл өткенде, анасына жүрек түкпіріндегі ойын айтып көрген. Алайда анасының реакциясы күтпеген жерден қатал болған.

«Анама: «Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?» дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. «Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма» деді», – деп еске алады әнші.

Анамның алдында әлі баламын

Бұл сөзден кейін Мақпал Жүнісова жеке өмірі туралы әңгімені біржола доғарған. Әнші анасының сөзін заң деп білетінін және оның алдындағы жауапкершілікті жоғары қоятынын жеткізді.

Анасының тыйымынан кейін әнші өзіне қызығушылық танытқандарға да көңіл бөлмегенін айтады.

«Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Адамның анасы тірі болса, ол қанша жасқа келсе де өзін бала сезінеді.», – дейді өнер иесі.

Мақпал Жүнісова үшін Заманбек Нұрқаділовтің орны бөлек екені бесенеден белгілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің Мақпал Жүнісоваға арнаған өлеңдерін жариялаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз