Жаңалықтар

Қазақстан университеттері халықаралық рейтингте ТОП-50 қатарына енді

Школьницу из Астаны пригласили сразу 10 ведущих университетов мира
Фото: kursiv.media мұрағаты

Жоғары білім саласындағы халықаралық QS Quacquarelli Symonds агенттігі әлемнің үздік университеттері рейтингінің 16-шы шығарылымын жариялады. Қазақстандық жоғары оқу орындары өз позицияларын нығайтып, топ-50 қатарына енді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы қазақстандық оқу орындары өңірлік деңгейде тарихи рекорд орнатып, отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігі артқанын көрсетті.

QS рейтингтері әлемнің 1900 университетіндегі 21 мыңнан астам білім беру бағдарламасын қамтиды. Бағалау 55 пән және 5 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар
  • Инженерия және технологиялар
  • Өмір және медицина ғылымдары
  • Жаратылыстану ғылымдары
  • Әлеуметтік ғылымдар және басқару

ЖОО нәтижелері

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім беру» бағыты бойынша әлемде 41-орын иеленіп, жаһандық рейтингтің топ-50 қатарына енді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы алғаш рет «Орындаушылық өнер» бойынша топ-100-ге енді;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)  ең көп көрсеткішке ие. Ол 4 салалық және 23 пәндік рейтингте ұсынылған;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 1 салалық және 15 пәндік рейтингке енді;
Satbayev University 2026 жылғы жаңа позициялар саны бойынша елде екінші орын алды.

Сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Құрманғазы атындағы консерватория және Абай атындағы педагогикалық университет өз бағыттары бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен.