
Шымкентте полицейлер тастай өзен суында ағып бара жатқан марғауларды құтқарып алды.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, полицейлердің мұздай суға түсіп кеткен марғауларды құтқарған сәті бейнежетонға түсіп қалған.
«Жергілікті тұрғын екі кішкентай мысық салынған қораптың суға құлап кеткенін байқап, полицияға хабар берген. Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторлары Нұрсұлтан Тұрсынбек пен Мұхтархан Заманбай шұғыл жетіп, еш ойланбастан өзенге түсіп, мұздай ағыстан әлсіреп қалған жануарларды алып шықты», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында кішкентай жануарлар аман қалды.
«Кадрлардан бұл тек қызметтік міндетті орындау ғана емес, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың көрінісі екенін байқауға болады», », – делінген хабарламада.
Ал Ақтау ветеринарлары қанаты сынған аққуды құтқарған еді.