
Таяу Шығыс елдері мұнайға тәуелділіктен арылу үшін туризмді басты бағыт етіп таңдады. Алайда соңғы геосаяси шиеленістер бұл саланың да өзіндік «әлсіз» тұстары бар екенін көрсетіп берді. Әртараптандыру стратегиясы жаңа сынаққа тап болды: туризм тұрақтылықты сүйетін сала болғандықтан, өңірдегі қақтығыс көрші елдерге кері әсерін тигізуде. Kursiv.Media Таяу Шығыс елдерінің экономикасы туризмге қаншалықты тәуелді екенін анықтап көрді.
Шығанақ елдері: туризмге тәуелділік деңгейі
Парсы шығанағы елдерінің экономикасын әртараптандыру жолындағы қадамдары әртүрлі нәтиже көрсетіп отыр. Кейбір мемлекеттер үшін бұл сала тіпті мұнайдан да маңызды бола бастаған.
Парсы шығанағы: Туризмнің экономикалық салмағы
Туризм саласының елдер ЖІӨ-сіндегі үлесі (%)
Сауд Арабиясынан келетін апталық туристерге тәуелді.
Жаһандық авиация хабы, геосаясатқа өте сезімтал.
Діни туризм (Хадж) — басты табыс көзі.
Эко-туризм және табиғи демалыс орындары.
Мұнайға негізделген ең төменгі тәуелділік.
БАӘ: «Шөлдегі ғажайыптың» осал тұсы
Біріккен Араб Әмірліктері, әсіресе, Дубай соңғы отыз жылда жаһандық демалыс орталығына айналды. БАӘ-нің туризмнен табатын табысы (ЖІӨ-нің 10,3%-ы) Грекия, Таиланд және Испания сияқты дәстүрлі туристік алпауыттардан асып түсті. Алайда Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери қимылдары аймақтағы жағдайды ушықтырғанда, БАӘ-ден ондаған мың турист шұғыл түрде кетіп қалды. Бұл жаһандық хаб мәртебесінің тек табыс қана емес, үлкен тәуекел екенін де дәлелдеді.
Сауд Арабиясы және діни туризм қаупі
Корольдік туризмді «Vision 2030» стратегиясының өзегі етіп алды. Биылғы қажылық кезінде 2 миллионға жуық құлшылық жасаушы келеді деп күтіліп отыр. Бірақ Иранмен арадағы текетірес жоспарларға көлеңке түсіруде. Діни бағыттағы туризм тұрақты болғанымен, аймақтық соғыс қаупі тіпті Мекке мен Мединаға келушілер ағынын тежеуі мүмкін.
Бахрейн мен Оман: екі түрлі жол
- Бахрейн (10,6%) үшін жаһандық трендтерден көрі, көршілес Сауд Арабиясындағы көңіл-күй маңыздырақ. Көбіне король Фахд көпірі арқылы демалыс күндері келетін саудиялықтар ел экономикасының тірегіне айналған.
- Оман мен Кувейт әзірге туризмге үлкен бәс тіккен жоқ. Бүгінгі қақтығыс жағдайында бұл «өткізіп алған мүмкіндік» емес, тәуекелдерді азайтудың көрегендік стратегиясы сияқты көрінеді.