Тегеран бес елдің кемесіне Ормұз бұғазынан өтуге рұқсат берді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Ормузский пролив
Фото: Shutterstock

Тегеран бес елдің кемесіне бұғатталған Ормұз бұғазынан өтуге рұқсат берді. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Аббач Аракшы мәлімдеді деп жазады Tasnim агенттігі.

«Біз Ормұз бұғазы арқылы өтуге өзімізге дос деп санайтын бірнеше елге рұқсат бердік: мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Ал қарсыластарымыздың бұғазды пайдалануына жол берудің ешқандай қисыны жоқ», – деді ол.

Bloomberg жазуынша, Иран аталған елдердің тек ақы төлеп өтуіне рұқсат берген. Қазірдің өзінде Үндістан, Ирак, Малайзия мен Қытай да Тегеранмен тікелей келіссөздер жүргізіп, кемесінің ақылы түрде өткізуге тырысып жатыр.

Ормұз бұғазы – Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайтын негізгі маршрут. Ирак, Қатар, Кувейт және БАӘ сияқты мұнай алпауыттары үшін ашық теңізге шығатын жалғыз есік.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль бірлесіп, Иранға шабуылдағаннан кейін Тегеран бұғазды миналап, жауып тастады. Жүздеген кемелер өте алмай тұрып қалды. Трамп бұғазды ашып, кеме қатынасын реттеуге күш салып жатыр, әзірге, сәтсіз. Ормуз бұғазындағы жағдай туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз