Жаңалықтар

Түркістан облысында 152 ғимараттан тұратын өндірістік парк салынып жатыр

фото: Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінен

Түркістан облысында құны 308 млрд теңгені құрайтын ауқымды Өндірістік парктің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба аймақ экономикасына салынған бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция әкеліп, 6 000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.

Құрылыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде 30 гектар жерге барлық инженерлік желілер тартылып, 40 ғимарат бой көтерді. Қазірдің өзінде мұнда трактор, дрон, тоңазытқыш пен жиһаз шығаратын 32 өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Ал екінші кезеңде  тағы 70 гектар аумақта 112 жаңа ғимарат салу жоспарланған.

Кәсіпкерлер үшін барлық коммуникациясы дайын нысандар ұсынылып отыр, бұл өндірісті бірден іске қосуға жол ашады. Жоба толық қуатына енгенде 6 040 адамды жұмыспен қамтып, жылына 27 млрд теңгенің импорттық тауарын отандық өніммен алмастырады. Бұл облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, экономикалық тәуелсіздігін нығайтады.