Lifestyle

Түрмеден шыққан Мейіржан Төребаев енді немен айналысатынын айтты

Төребаев жазба жариялады/фото: Instagram/@dana_yesseyeva

Жазасын өтеп, бостандыққа шыққан қазақстандық актер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Алдымен «жоқ» деп айтуды үйренемін. Бұған дейін ешкімнің бетін қайтара алмайтын едім. Қазір басқалар не ойлап қалады деп алаңдамаймын», – деп жазды Төребаев.

Сөзінше, түрмеде отырғандар «енді басқаша өмір сүремін» деп, бостандыққа шыққан соң не істейтінін жоспарлайды.  

«Менің де өз тізімім бар. Қарасаң, бәрі орындалатын, қиын емес нәрселер: әр сәтті бағалау, балаларға көбірек көңіл бөлу, оларды спортқа апару, кітап оқу, атқа міну, әр таң сайын велосипед тебу және тағы басқа. Мұның бәрін қатты қаласам да, ол жерде істей алмадым. Осыған басымдық беремін», – дейді актер.

Одан бөлек ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мейіржан Төребаевтың жазасын толық өтеп шыққанын хабарлады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 23 маусымында Алматы қаласының Алмалы ауданы соты Мейіржан Төребаевты «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырған.