
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы қайнысына риза болып, еркелете сөйледі.
Тұрсынбектің інілерінің бірі Елнұр оған ұдайы ерекше ілтипат көрсетеді екен. Айтуынша, жеңгесін құрметтеп, көмегін аямайды.
«Алтын қайным ғой менің! Алматыға келген сайын аяғымызды жерге тигізбейді. Ең бірінші жазатын – осы Елнұр. «Жеңге, келдіңіз бе, не көмек? Апарып алып келейін бе?» «Келе жатырмыз» дегенген тік тұрып, құрақ ұшады. Алла разы болсын!» – деп ризашылық білдірді Айман Талғатқызы.
Тіпті, қайнысын қатты жақсы көретінін білдірді. Әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбада «Жүрек інім» деп жазба қалдырды.
«VIP қылып, мені қонаққа алып бара жатыр. Ақкөңіл өзі», - деп мақтауын асырды Айман Талғатқызы.
Айта кететін жайт, Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары желіде белсенді. Жеке өмірі мен хоббилерін көрсетеді. Қазақтың дәстүрлерін жақсы білетіні, берік сақтайтыны жұртқа қатты ұнай бастады.