Шаршы метрі 823 мың: наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Жарияланды

Наурыз айында еліміздегі 12 қалада екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттап кетті. Бір шаршы метрдің орташа бағасы әсіресе Алматыда қымбаттаған. Оңтүстік астанада оның бағасы 823 мыңға жуықтаған.
Krisha.kz мониторинг деректеріне сәйкес, ең айқын өсім келесі қалаларда тіркелген:
- Көкшетауда: +2,7%
- Астана мен Семейде: +1,8%
- Ақтауда: +1,7%
- Алматыда: +1%
Сонымен қатар бес қалада баға төмендеді:
- Шымкентте −2,6%
- Ақтөбеде −1,7%
- Петропавлда −1,4%
- Атырауда −1,3%
- Түркістанда −0,3%
Ал Қостанайда өзгеріссіз, баға ақпан айының деңгейінде қалды.
Бір шаршы метр қанша тұрады
Наурыз қорытындысы бойынша елдегі орташа баға 421 950 теңге/шаршы метрді құрады. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 0,4%-ға жоғары.
Ең қымбат қалалар:
- Алматы − 822 955 теңге/шаршы метр
- Астана −612 348 теңге/шаршы метр
- Шымкент − 478 815 теңге/шаршы метр
Ең қолжетімді қалалар:
- Қызылорда − 271 538 теңге/шаршы метр
- Ақтөбе − 316 813 теңге/шаршы метр
- Тараз − 321 373 теңге/шаршы метр
Айта кетейік, 2026 жылдың ақпанында Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алу бағасы өсуін жалғастырса, жалдау ақысы, керісінше төмендей бастады.