Lifestyle

«5 күнде 7 кг тастадым»: Қазбек пен Асылының алғашқы кездесуі қалай өткен

фото: instagram

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек пен келіні Асылының махаббат хикаясы көпшілікті сүйсінтті. Жастар өздерінің алғашқы таныстығы мен кездесулері туралы қызықты оқиғаларын айтып берді.

Эд Ширанның концерті

Екі жастың табысуына Асылының құрбысы Еркежан себепші болған. Қазбек алғашқы қадамды өзі жасап, аруды әйгілі әнші Эд Ширанның (Ed Sheeran) Абу-Дабидегі концертіне шақырған.

«Кішкене сынып тұра ма десем, бірден келісті ғой», – деп еске алады Қазбек күліп.

Алайда, ең қызығы, кездесудің өзі емес, оған дайындық кезеңі болған көрінеді. Сол кезде салмағы 82 келі болған Қазбек сүйіктісінің алдында «идеалды» көріну үшін ерлікке барып, небәрі 5 күннің ішінде 7 келі салмақ тастап, кездесуге Алматыдан дайындалып ұшып барды. Асылы ол кезде Дубайда оқып жүрген.

«Барахолкадағы» кездесу

Қазбектің айтуынша, Асылыны алғаш көргенде сұлулығына таңдай қағып, «тілін жұтып қойғандай» күйде болған. Шетелдегі концерттен кейін, жастардың Қазақстандағы алғашқы кездесуі күтпеген жерде Алматының атақты «Барахолка» базарында өткен.

Төмендегі видеода Қазбек пен Асылының өз аузынан естіген қызықты естеліктер мен алғашқы кездесудің ерекше сәттері жинақталған:

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-09.44.29.mp4

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазбек пен Асылының үйлену тойы қалай өткені туралы жазған едік.