Абай Бегейдің сегізінші баласы дүниеге келді

Жарияланды 27 Наурыз 2026 10:55

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: әншінің Instagram парақшасынан

Танымал әнші Абай Бегей қызды болды. Ол осымен сегіз баланың әкесі болып отыр. Мұндай сүйінші жаңалықты әнші мен жары – Фариза бірігіп хабарлап, Instagram-парақшаларына жазба қылып жариялады.     

«26.03.2026. Сүйінші! Алланың қалауымен 8-рет әке атанып жатырмын. Дүниеге тәп-тәтті бесінші ханшайымым келді», – деп қуанышын бөлісті Абай Бегей.

Жазбаның астында 2 мыңнан астам пікір жазылған. Бұл жаңалыққа қуанған оқырман бауы берік болсын деп құтты болсын айтып жатыр. Әншінің бірінші некесінен бір ұл, үш қызы бар еді. Екінші жары Фаризадан екі ұл, екі қызы бар. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Абай мен Фариза болашақ сәбиінің жынысын Фукуок аралында анықтағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз