Lifestyle

Айнұр Тұрсынбаева Наркенже Серікбаеваға бриллиант сақинасын сыйлады

фото: скрин

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбектің дүбірлі тойында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші Наркенже Серікбаеваға бағалы сыйлық жасады.

Жұғысты болсын

Той қызып жатқан сәтте Айнұр Тұрсынбаева әріптесі Наркенжеге ақ тілегін айтып, қолындағы сақиналарын ұсынған. Ол әншіге:

«Саған да ұлыңды үйлендіру бұйырсын, бұл қуаныш жұғысты болсын!» – деген ниетпен таңдау жасауды өтінген.

Наркенже Серікбаева әпкесінің ілтипатына таңданысын жасыра алмай, көпшіліктің алдында ризашылығын білдірді. Ақын өзінің саусағындағы 5 караттық бриллиант сақинасын шешіп беріп, ақ батасын берді.

https://kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2026/03/whatsapp-video-2026-03-27-at-11.29.17.mp4

Бұған дейін, Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек пен келіні Асылының үйлену тойлары қалай өткенін жазған едік.