Жаңалықтар

Ақтөбе-Алматы пойызында әріптесін өлтірген адам 9 жылға сотталды

Ақтөбе-Алматы пойызында әріптесін өлтірген адам 9 жылға сотталды / Фото: Қазақстан теміржолы

Ақтөбе облысында Ақтөбе-Алматы жолаушылар пойызында болған кісі өліміне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іс-сапар кезінде болған. Қадағалау органының мәліметінше, мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішкен, содан кейін екі ер адамның арасында жанжал туындаған.

Вагон тамбурында жолаушылардың бірі әріптесіне бірнеше рет пышақ сұққан, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

«Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді», — деп хабарлады прокуратурадан.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының Жаңатас станциясында екі локомотивтің қатысуымен төтенше жағдай болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа маневрлік локомотив машинисінің іс-әрекеті себеп болуы мүмкін.