Жаңалықтар

Астаналық оқушы Гарвардқа мерзімінен бұрын оқуға түсті

Гарвард университетіне оқуға түскен мектеп түлектері үмітін үзген жоқ / фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Гарвард университетіне оқуға қабылданды. Мұны Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ол Advanced Placement бағдарламасы бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанған.

«Оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Оқу барысында табандылық пен еңбекқорлық танытқан оқушы 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар оқушы SAT, IELTS, CAE және HSK халықаралық тестілерінен жоғары нәтиже көрсеткен.

Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қытай тілін де оқып, осы бағытта емтихан тапсырған.

Оқушы мектепте ғылыми жобалармен айналысып, халықаралық бағдарламаға қатысқан. АҚШ профессорының жетекшілігімен зерттеу жүргізген.

Бұған дейін мектептердегі критериалды бағалау жүйесі (БЖБ және ТЖБ) жайлы депутат Асхат Аймағамбетов пікір білдірген.