Жаңалықтар

Батыс аймақтарда су тасқынының ең қауіпті кезеңі жүріп жатыр

Су тасқынына дайындық
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда су тасқынының ең қауіпті кезеңі – «биік шыңы» қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров айтты.

Бұдан бөлек төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарындағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Тасқын басталғалы бері Абай өңіріндегі 6 үйді су басқан. Қазір бұл үйлердегі су толық шығарылды. Сонымен қатар, 22 автокөлік жолынан су асып, бір жолды су шайып кеткен.

Мамандар 196 елді мекенді қамтитын аумақты әуеден ұшып, тұрақты бақылап отыр. Су басу қаупі бар аймақтарда құтқару күштері мен техника санын арттыру көзделген.

Дайындық аясында елді мекендерден 7 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Жалпы алғанда, 575 мың шаршы шақырым аумақта тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Бұған дейін премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев көктемде 30-дан астам өңірде су тасқыны болу қаупі бар деген еді. Елдегі 229 жол учаскесін қар суы шайып кетуі мүмкін деген қауіп те бар.