Gold сотталып кетті: енді Еркебұлан Тоқтар кіммен шығады

Еркебұлан Тоқтардың өзбек қарсыласы Gold үш жарым жылға сотталып кетті. Енді ол оның бауырымен төбелесуге ниетті.
Еркебұлан Тоқтар лайықты қарсыласынан айырылғанына қынжылыс білдірді.
«Өздерің білесіңдер, Gold үш жарым жылға сотталып кетті. Енді ол үш жарым жылдан кейін бір-ақ шығады. Оның қасында бір бауыры бар еді. Тым болмаса, сонымен төлесем бе екен? Сұрап көрейін», – деді Еркебұлан Тоқтар.
Қазақстандық жауынгер неге осы өзбек қарсыласын таңдағанын түсіндірді.
«Өйткені, салмақ қуғым келмейді. Дәулермен төбелескім келеді», – деді ол.
Өзбек жігіті де Еркебұланның ұсынысын қолдап, кез келген уақытта жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.
Айта кететін жайт, Ташкент қаласында аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Шахзод Узаковқа қатысты сот шешім шығарды. Әлеуметтік желілерде «Шахзод-Gold» лақап атымен танымал спортшыға қатысты үкім қайта қаралып, жаза түрі өзгертілді. Кәсіби спортшы болмашы себеппен жанжал шығарып, жәбірленушілерге күш қолданған.
28 наурыз күні Армения астанасы Еревандағы «Tashir Arena» кешенінде бүкіл Азия жұртшылығы асыға күткен Hype Fighting Asia турнирі өтеді. Онда Еркебұлан Тоқтар мен Марсель жекпе-жек өткізеді.