Робот-иттер мен дрондар: Турлов жеткізу қызметін не күтіп тұрғанын айтты

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Тимур Турлов пилотсыз көліктерге қатысты болжамын айтты / Фото: Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Дастан Шанай

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Arbuz онлайн-супермаркеті алдағы уақытта тауарды пилотсыз көліктермен жеткізуге көшуі мүмкін екенін айтты. Бұл технология оны кәдімгі жеткізу қызметінен де арзандаған кезде іске қосылады.

Сонымен қатар, қазірдің өзінде сервис Алматыда тапсырысты пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА) арқылы жеткізуді сынақтан өткізіп жатыр.

«Әрине беспилотты көліктер арқылы тауар жеткізу мүмкіндігін қарастырамыз. Бізде жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүре алатын, сонымен қатар тротуарлар мен қалалық ортадан өте алатын робот-иттер трегі бар. Бізде үлкен Freedom Ex зертханасы жұмыс істейді. Онда біз жасанды интеллектпен белсенді жұмыс істеп, әртүрлі қытайлық роботтар үшін өз софтымызды (бағдарламалық жасақтама) жазып жатырмыз», – деді ол Шымкентте өткен Digital Kazakhstan форумында.

Турлов зертхана Назарбаев Университетімен серіктестікте жұмыс істейтінін жеткізді. Оның айтуынша болашақта бүкіл жеткізу жүйесі жүргізушісіз көліктерге көшіп, біз ойлағаннан да тез орын алмақ.

Бұл технология курьер жібергеннен гөрі арзан болғанда ғана іске қосылады Өйткені адам еңбегі әлі де ең қымбат ресурс болып қала бермек.

Қазіргі уақытта пилотсыз құрылғылармен жеткізу қымбатқа түсіп тұр, себебі әр құрылғыға бір-екі адамнан бекіту қажет. Сондықтар олар толықтай өзі ұшады деуге келмейді. Адам факторы толық жойылғанда ғана қызмет түрі арзандайды.

Сонымен қатар, холдинг басшысы Freedom SuperApp экожүйесінің клиенттеріне көмектесетін ЖИ-ассистентті енгізу жоспары туралы да айтып өтті:

«Біздің басты мақсатымыз – SuperApp-та кез келген операцияны жасауға көмектесетін онлайн ЖИ-ассистентті тезірек іске қосу. Ол билетті ауыстыру, басқа күнге брондау, дәрігерге жазылу, ауа райын білу, досыңа ақша аудару, жетпеген жағдайда заем рәсімдеу немесе қызықты концерт туралы біліп, оған билет брондау қызметін атқарады».

Оның сөзінше, экожүйе бүкіл «лайфстайл» мен мемлекеттік қызметтер бір ЖИ-ассистенттің қолында болатындай деңгейге ұмтылып жатыр. Барлық қазақстандық сапалы ЖИ қызметтеріне тегін қол жеткізе алады.

Бұған дейін Arbuz 2025 жылы Алматыда дрондармен жеткізу бойынша пилоттық жобаны қолға алғаны хабарланған. 2025 жылдың жазында Қазақстанда алғаш рет жүк тасымалдайтын дрондарға сертификат берілген.

Сондай-ақ оқыңыз